ШҚО-да көпбалалы аналар автобуста тегін жүретін болады

147
Adyrna.kz Telegram
Бішкек автобусы
Бішкек автобусы

2025 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы көпбалалы аналар автобуспен тегін жүре алады. Бұл туралы ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, қазір өңір бойынша ондай мүмкіндікке аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар ие. Ол үшін 178 млн теңгеден аса қаржы бөлініп, жеңілдікпен 5 312 бала қамтылған.

«Енді келесі жылдан бастап «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар үшін қалааралық және ауданаралық қоғамдық көліктер тегін болады. Оған қажетті қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді», – деді ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов.

Сондай-ақ ол «Өскемен-1» теміржол вокзалының күрделі жөндеуден өтетінін де атап өтті.

«Қазір жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Соның аясында ғимарат толықтай жөнделеді. Сондай-ақ модернизациялау жұмыстары да жоспарланып отыр. Ондағы мақсат – вокзалды мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы ету», – дейді әкімдік өкілі.

Пікірлер