Елімізде әскерден қашқандарға үш миллион теңгеден аса айыппұл салынады

202
Adyrna.kz Telegram

Елімізде әскерден қашқандарға үш жарым миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Информбюро мәліметінше, әскерден қашқандардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Қорғаныс министрлігі әскер қатарына шақырылған барлық азамат әскери комиссариатқа келуге міндетті екенін хабарлады. Қазір жүргізіліп жатқан күзгі науқанда Отан алдындағы борышын өтеуі тиіс азаматтарға шақыру қағазы хат түрінде және SMS-пен жолданып жатыр.

Олардың жұмыс пен оқу орындарына да хабарлама берілген. Ал шақыруды жеке өзіне тапсыру мүмкін емес азаматтар әскери комиссариатқа ішкі істер органдарының көмегімен жеткізіледі.

Пікірлер