Грейг қызғалдағын жұлған студент айыппұл арқалауы мүмкін

5691
Adyrna.kz Telegram
Фото: Түркістан облыстық ПД
Фото: Түркістан облыстық ПД

Оңтүстікте 22 жастағы тұрғынға қызғалдақ тергені үшін миллион теңгеге жуық айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Бұл туралы Түркістан облыстық ПД мәлімдеді.

Түркістан облысы Ордабасы ауданының 22 жастағы тұрғыны Қызыл кітапқа енген және заңмен қорғалған қызғалдақты терген.

Студент-қыз жоғалып кету қаупі төніп тұрған Грейг қызғалдақтарын терген сәтін видеоға түсіріп, желіге жүктеген.

"Ол Ұялыжар ауылдық округінде орналасқан далада Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, видеоға түсіріп, өз парақшасына жариялады. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар өсімдік түрлерін алу дерегі полиция бөлімінде тіркелген. Барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске сала кеткйік, төбешіктің көркіне айналған қызғалдақ Қызыл кітапқа енген өсімдік. Өсімдікті жұлған жағдайда заңда айыппұл қарастырылған.

Пікірлер