Ер адам тапа-тал түсте кішкентай қызды зорлап кеткен

2359
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Алматыда ер адам 11 жастағы қызды зорлаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ер адам тапа-тал түсте белгісіз үйге кіріп, ешкімнің жоқ екенін пайдаланып, 11 жастағы қызды зорлаған. Сол күні қыздың анасы жұмысына ертерек шығып кеткен. Үлкен қызы мектепке кеткен.

Қыз бала ер адам кеткен соң бірден анасына хабарласқан.

«Маған қызым хабарласып, үйге белгісіз ер адамның келгенін айтты. Айғайламас үшін аузын жапқан. Жерге жатқызып, шешіндірген. Ісін бітірген соң, «ренжіме» деп қолын сүйіп, ешкімге айтпа деп қорқытып, кетіп қалған», - дейді қыздың анасы.

Анасы қызының осы оқиғадан кейін ешкіммен сөйлеспейтінін, шошып қалғанын айтады.

Әйел адам үйге екі апта бұрын көшіп келген. Айына 70 мың теңге төлеп тұрады. Күдіктіні отбасы мүшелерінің ешқайсы танымайды. Қазір күдікті ұсталған.

«Үйдің есігі ашық тұрған. Қыз бала үйде жалғыз болған. Күдіктіге қарсылық көрсете алмаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Сараптама тағайындалды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Кәмелеттік жасқа толмаған баланы зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер оның кінәсі дәлелденсе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді Алматы Полициясы департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер