Серік ЕЛІКБАЙ. Жауапкершілік синдромы

249

Дунай жағасында бір ғажап ескерткіш бар. Жаға шетіндегі аяқ киімдер...
Металлдан жасаған бұл туфлилер жаңа ғана шешілген секілді!
Осы жерде сегіз жүз еврейді венгерлік штурмавиктер атып өлтірген.
Оның ішінде балалар,  әйелдер бар еді!
Бірінші аяқ киімдерін шешкізген...
Теріс қарап тұрған бейбақтарды кешегі отандастары,  көршілері атты.
Бұл күнге дейінгі Дунайдағы "көп ұлттымыз" деген миф көкке ұшты.
Европалық өркениет,  гуманизм қаза тапты осы геттода.
Жендеттер басқа бір жақтан келген секілді!
Кімдер екенін кейінгі тарих айтпайды.

Тура біздегі секілді.
Әлихан, Жүсіпбек,  Міржақып тектес құрбандар аты бар.
Ал кім сатты,  кім атты?
ҚҰПИЯ!
Кешегі жұмыс,  мал толы,  еңбек қайнаған ауылдар бір-ақ күнде "паразитке" айналып шыға келді.
Әрине бұрынғы президентті күстаналасақ та сол жерде... өзіміз де жүрдік қой!
Алаштың ұлыларын өлтірген бір жендет кешірім сұраған жоқ!
Қазақтың ауылын құртып, қазақты қалаға қаңғытқан жүйеде...  ешкім БІЗ КІНӘЛІ БОЛДЫҚ ДЕГЕН ЖОҚ!
Керісінше мемлекетті құлату авторы ұрсуға,  сөгуге кірісіпті ҰЛТТЫ!
БІЗДІҢ ҚОҒАМДА ЖАУАПКЕРШІЛІК СИНДРОМЫ ЖОҚ.
...онсыз ұзау мүмкін емес!

Пікірлер