"Сорлы еркек". Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізген блогер ақынның ескерткішіне барды

1225
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

TikTok желісінде ақиық ақын Мақатаевты "сорлы еркекке" теңеген блогер Әлішер Теменов кешірім сұрап бейне жариялады. Түсірілген видеода жігіттің ақынның ескерткішіне барып кешірім сұрағанын көруге болады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Роликтерінің бірінде Мұқағали Мақатаевты өміріне шағымдана беретін "сорлы еркек" деп атаған.

"Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай, мына адамдар неге жатыр тойламай" дейді. "Ей, сен бірінші жасасаңшы туған күніңді. Сосын барамыз ғой. "Банкет жасап берер едім өзім-ақ, тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай" дейді. Құдайдың не қатысы бар? Сенің туған күніңде үстеліңнің жайылып тұрғаны құдайға байланысты ма? Өзің жаса! Еркексің ғой, не үшін отырсың мына жерде? Отаныңды қорғайсың – еркексің, әулетіңді қорғайсың – еркексің. Әйеліңді қорғайсың – еркексің. Үкіметтен "үйді қашан береді" деп күтіп отырсаң, онда сен еркек емессің", – дейді ол.

Кейіннен әлеуметтік желіде азаматтың кешірім сұраған бейнесі жарияланды.

Алайда оқырмандар блогердің бұл сөзіне ашуланып, шағымданды.

Одан бөлек, желіде оның Мұқағали Мақатаевтың ескерткішінің алдына барып, басын иіп кешірім сұраған видеосы тарады.

"Қазақ елінің алдында жасап қойған үлкен бір еркелігімді аруақ кешірсін деген ниетпен дәл қазір Мұқағали атамыздың үйінің алдында тұрмын. Барша қазақ елінен жасаған үлкен қателігім үшін кешірім сұраймын", – дейді блогер Әлішер Теменов.

Пікірлер