АҚШ-тың Ресейге салған санкциясы күшіне енді

1704

АҚШ-тың Ресейге салған кезекті санкциясы 26 тамызда күшіне енді. Құжат елдің федеральды реестр сайтында жарияланды деп хабарлайды "Азаттық" радиосы.

Ресейлік бұрынғы тыңшы Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия Скрипаль Ұлыбританияда уланған соң АҚШ Ресейге жаңа санкция салған. Санкцияның екінші пакеті туралы ақпарат тамыз айында белгілі болды.

Санкцияның екінші пакеті Ресейдің мемлекеттік қарыздарына қатысты операцияларға шектеу қояды. Вашингтон халықаралық қаржы ұйымдары мен АҚШ банктеріне Ресейге несие бермеуді талап етеді. АҚШ-тың бұл санкциясы кем дегенде бір жыл күшінде болады.

Былтыр тамызда АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейге қарсы санкцияның бірінші пакетін салған. Ол кезде Вашингтон Мәскеуден Ресей Сирияда химиялық қару қолданбағанын дәлелдеуді талап еткен еді. Ресей билігі АҚШ-тың бұл талабына жауап бермеген.

Пікірлер