АЭС-тің басқа энергия көздерімен салыстырғанда тиімділігі жоғары – Бауыржан Мұқан

1120
Adyrna.kz Telegram

Атом электр станциясының құрылысы елдің көпжақты дамуына әсер ететіні бірнеше жерде айтылуда. Алайда, нақты қай тұстары жаңа өзгеріске ұшырайды? Қандай даму тетіктері ашылады? Бұл туралы “Экономикалық зерттеулер институты” АҚ директоры Бауыржан Мұқан айтып берді. 

-Атом электр станциясы елдің энергетикалық тәуелсіздігін арттыруға қалай ықпал етеді? Импорттық энергия көздеріне тәуелділікті төмендету қаншалықты мүмкін?

-Қазақстан Республикасының энергия жүйесі үш аймақты қамтиды: солтүстік, оңтүстік және батыс. Солтүстік аймақ генерацияланған электроэнергиясынң қуатының 70%-ын жабады. Ал оңтүстік аймақтардың энергиялық тапшылығы да осы солтүстік аймақтағы энергия бөлінісімен өтеледі. Ресей Федерациясынан да, Орталық Азия елдерінің бірнешесінен белгілі бір деңгейде импорттық тәуелділігіміз бар. 2023 жылдағы дерекке сүйенсек 115 миллиард кВт/сағ электрэнергиясы тұтынылған, ал өндірген көлемі 112,2 миллиард кВт/сағ. Яғни осы екі аралықта дефицит  пайда болғанын көре аламыз. Жетпеген энергия көлемін біз басқа мемлекеттерден алдық. 

АЭС-тің әлеуеті өте зор. Әлемдік нарықта біз уранды игеру және экспорттау бойынша белді мемелкеттердің ішіне кіреміз. Соған сәйкес АЭС-тің құрылысы оның әрмен қарай дамуы электрэнергиясына деген тапшылықты жоюға, осы мәселені игеруге ықпалы ететін сөзсіз. АЭС-ті салуға байланысты бізде Ақтауда жұмыс істеген атом реакторының тәжірибесі бар. Соған сәйкес кадрлық потенциал бар. Сонымен қатар, Курчатов қаласы мен Алматыда үш зерттеу реакторлары бар. Сол бойынша атом саласында Қазақстанда 20 мыңнан аса мамандар жұмыс істейді. Әлемдік деңгейдегі атом энергиясына қатысты айтар болсақ, жалпы қазақстанда өндірілген уран әлемдік қажеттіліктің 40 пайызын жабады. Уран ұнтағы мен таблеткасын қазіргі таңда Үлбі металлургиялық зауытында шығарады. Осы тұрғыда АЭС салуда отандық әлеует бар.    

-Атом электр станциясының құрылысы мен жұмыс істеуі ұзақ мерзімді перспективада қандай экономикалық пайда әкелуі мүмкін? Бұл басқа энергетикалық көздермен салыстырғанда қаншалықты тиімді?

-АЭС құрылысы бұрыннан келе жатқан жобалардың бірі болып есептеледі. Техникалық экономикалқ зерттеулер 2008-2009 жылдары белсенді сипат алып ҚР-да атом саласын дамыту бойынша ведомствоаралық комиссияда осы АЭС-ті салуға деген толыққанды бір пікір қалыптасып Алматы облысындағы Үлкен ауылы белгіленді. Дүниежүзі бойынша АЭС-ті салу Ресей, Қытай, Франция, Америкамен бірлескен жапонның реакторлары қолданысқа ие. Қазіргі таңда эксплуатацияға шыққан Ресейдің және Оңтүстік Кореяның да реакторлары да бар. Құрылысы жүріп жатқан Кореяның өзі төрт реакторды салып жатыр, сондай-ақ БАӘ төрт реактордың құрылысы жүргізілуде. Ал Росатом ВВЭР-1200 модельі бойынша тоғыз реактор салып жатыр. Біз неге мән беру керекпіз? АЭС-тің басқа энергия көздерімен салыстырғанда тиімділігі жоғары. Оны біз бекітіліген қуаттылығын пайдалану коэффициенті деген шама арқылы білсек болады. Осы арқылы алып қарағанда басқа энергия көздерімен салыстырғанда жоғары шамасы АЭС-ке тиесілі. Атом энергетикасы 79%, гидроэнергетика 59%, жел энергетикасы 24%, күн энергетикасы 16%-ға ие. Демек осыдан АЭС-тің бекітілген қуаттылығының пайдалану коэффициенті өте жоғары екенін біле аламыз. 

  1. АЭС-тің құрылысымен және оның жұмысымен байланысты қандай салаларда жұмыс орындары пайда болады және инфрақұрылым қалай дамиды?

Жалпы атом энергиясы өзінің тиімділігімен және қоршаған ортаны ластауға байланысты өте төмен деңгейімн сипатталынады. Көмір және газ электрстанциялырымен салыстырғанда көмірқышқыл газын шығару өте төмен деңгейде. Тұрақтылығы жағынан күн және жел энергиясына қарағанда ауа райына қатысты тәуелділігі жоқ. Сонымен қатар АЭС салу кезінде басқа да қосымша салалардың дамуына әсер етеді. Құрылысқа қатысты алар болсақ, құрылыс материалдарына, темір бетон конструкцияларына деген сұраныс пайда болады. Екіншіден, ғылыми зерттеу жобаларына сұраныс жоғарылайды. Себебі, білім және зерттеу мекемелерінің дамуына ықпал етеді. Үшіншіден, АЭС салғаннан кейін оны жөндеу жұмыстары бар және қызмет көрсетуі бар қосымша кәсіби деігейі жоғары компаниялардың туындауы әбден ықтимал. АЭС-тың кейінгі циклында радиоактивті қалдықтарды утилизациялау оны тасымалдау бойынша транспорттық инфраструктураның дамуына бірден-бір септігін тигізеді. 

-АЭС-тің құрылысына байланысты үлкен бастапқы инвестициялар ел экономикасына қандай әсер етеді? Бұл инвестициялар бюджетке және басқа салаларға қалай ықпал етеді?

-АЭС-тің экокномикаға тікелей және жанама әсері бар. АЭС-тің эконмикаға әсері немесе макроэкономикалық көрсеткіштерге әсері 2000-жылдары АҚШ-тың атом энергиясы институтында зерттеу жүргізіліп сол жобалар қазіргі таңда бар. 2000-жылдары Канадада, 2012 жылы Қытайда, Оңтүстік Кореяда 2004-2009 жылдары АЭС-тің макроэконмикаға әсері зерттелген болатын. Бұл үлкен терең метождолгиялық базаны қажет етеді. Демек оның астарында экономикалық, экологиялық, әлеуметтік тиімділіктері әсері бағалануы тиіс. Экономикалық макротиімділігі жалпы ішкі өнімнің өсуіне мультипликативті әсерін береді. Ары қарай бюджетке төлем балансына сыртқы экономикалық қызметке, еңбек өнімділігіне,  өнеркәсіптің өндірісіне, жалпы энергетикалық қауіпсіздікке, адами капиталға әсері бар. 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер