Қазан айында Ұлттық қордағы 1,4 млрд долларды сату жоспарлануда

1616
Adyrna.kz Telegram

2024 жылдың қазан айында ҚР Ұлттық қорынан 1,4 млрд долларға дейін шетел валютасын сату жоспарлануда. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдағұлова айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Ағымдағы жылдың қазан айында 1,3 млрд доллардан 1,4 млрд долларға дейінгі рекордтық көлемді сату қажет. Осы айдың соңына дейін біз осы көлемнің шамамен 2/3 бөлігін сатуымыз керек», - деді Молдағұлова жұма күні Ұлттық банктің брифингінде.

Оның айтуынша, бұл валюта нарығындағы жағдайды қалыпқа келтіру үшін жеткілікті көлемде ұсыныс жасайды.

Айта кетейік, 10 қазан қарсаңында Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов теңгенің долларға шаққандағы әлсіреуі аясында девальвацияға түбегейлі негіз жоқ деп мәлімдеген болатын.

Пікірлер