ЕЛ ЖАҚҚА

77

“Туған жер” шығармашылық байқауына қатысушылардың туындыларын парақшамызға жариялауды бастадық. Келесі келіп түскен туынды «Үздік поэзия» аталымы бойынша Лесбек Ұлмекен Мырзабекқызы.

 

Автор: Ұлмекен ЛЕСБЕК:

Байланыс телефоны: 8 702 169 77 95

Құм беткейінде туылған шығар,
Махамбеттің де Аруы.
Толқын суымен жуынған шығар,
Қасқа су беткей қауымы.

Сыр келбетінде лағылды Шынар,
Мұнартады да тұрады.
Сол жақтағылар бақытты шығар,
Құмардан ұра құрады.

Сағындым сонау Даламды керім,
Даламды сүйдім сүйгесін.
Дарыған мінез Бабама менің,
Жамалы жазық үйлесім.

Сағынтты маған Анамды олар,
Шәйі көйлекті бейнесін.
Көпшігін жастап отырған болар,
Сабақтап үшкір инесін.

Бала шақ сұлу Сырдың самалын
Жұтушы ек жұпар кеш кірсе.
Тағаттап мәңгі қалар амалым
Болмады, жалған бес күрсе.

Бестіге әкем алғанда мені,
Құшушы ем арқа терлеген.
Сезінсем жусан жуықтас иіс,
Әкемнің исі дер ме екем?!

Шақырып сағым, атыраптарым,
Кел, -дейді, дала, кел баққа.
Сағына бермей, шағыла бермей,
Барып қайтам - ау ел жаққа.

Пікірлер