ЖЫР ЖАЗСАМ ДЕП ЕМ

1955
Adyrna.kz Telegram

“Туған жер” шығармашылық байқауына қатысушылардың туындыларын парақшамызға жариялауды бастадық. Келесі келіп түскен туынды «Үздік поэзия» аталымы бойынша Құмарбек Нұркен Ескермесұлы.

Автор: Құмарбек Нұркен Ескермесұлы

 Байланыс телефоны: 87786751258

 

Жыр жазсам деймін, оқитын жұртым тамсанып,
Жыр жазсам деймін, сайрайтын құстар ән салып.
Жыр жазсам деймін, ішіне бәрін сыйдырып,
Ақындар десе тұратын халық қарсы алып.

Жыр жазсам деймін, халқымның мұңын мұңдайтын,
Жыр жазсам деймін, ұйқыны түннен ұрлайтын.
Оқыса жырды, хан түгіл, қараң құлдарың,
Ішінен тынып, тебіренбей бір сәт тұрмайтын.

Жыр жазсам деймін, жүректің тілін жеткізер,
Жыр жазсам деймін, сезімнің дәмін жеткізер.
Қос ғашықтың да қосылуына себеп боп,
Махаббат дейтін тылсым көпірден өткізер.

Жыр жазсам деймін, армандар орындалардай,
Ханның өзі кеп, құлының қолын алардай.
Үміті сөнген пенде де бір сәт оянса,
Жалған өмірде, әліде жолы болардай.

Жыр жазсам деймін, ақындардан мүлде бөлекше,
Жыр жазсам деймін, сырлы қаламыммен ерекше.
Өзекті жырды жазуым керек толассыз,
Қиырда қалып қалмауы керек жырларым мүлде бөлекте.

Жыр жазсам деймін, жүректің сырын тербетер,
Жыр жазсам деймін, оқыған адам селт етер.
Ақиықтардан қалған із болып артында,
Мұздаған жанды жылытып тіпті терлетер.

Жыр жазсам деймін, Абайдай құран сөзімен,
Мұсылман пенде таңғалып қарар көзімен.
Қара сөзіндей мұра боп қалса жырларым,
Алла алдында кәлимамды айтып көз ілем.

Жырлар жазамын көмкеріп қара өлеңмен,
Жырым айтылса қара қазағым бөгелген.
Ғасырлардан, ғасырға жетіп жырларым,
Болашақ ұрпақ ғажайып күйге бөленген.

Тулайды жырым кеудемде менің өрт болып,
Жанартаудайын атқылап өлең от болып.
Жанған кеудемде сөнбеуі керек жырларым,
Өшпеуі керек, сөнбеуі керек шоқ болып.

Жыр жазсам деп ем,
Күңіренген аспан күңіресін.
Жыларсың бәлкім, өзің біл мүмкін күлерсің,
Әйтеуір бір күн болары анық ұлы елім,
Асау жырымның алдында тізе бүгерсің.

Жыр жазсам деймін, тоқтамай күні - түнімен,
Сырласып бақта, қызылды-жасыл гүлімен.
Жыр жазсам деймін, нәр алып Мұқағалидан,
Шабытым шалқып, бұлбұлдың сырлы үнімен.
Жыр жазғым келеді, ғасырлар айтып өтердей,
Осы ғаламнан басқа ғаламға жетердей.
Жыр жазам әлі дамылсыз жырлап тоқтаусыз ,
Ұлы ақын болып осы ғаламнан кетердей!

Пікірлер