Қазақстандық мектеп оқушысы БАӘ-де өткен бокстан Азия чемпионы атанды

661
Adyrna.kz Telegram

Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Азия чемпионатында жасөспірімдер арасындағы бокстан Отандасымыз Әбдімансұр Жақсылық жеңімпаз атанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.


Жамбыл облысы Жуалы ауданына қарасты Жаңаталап ауылының тумасы,  №26 Жаңаталап орта мектебінің оқушысы Әбдімансұр Жақсылық Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өткен бокстан жасөспірімдер мен кіші жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы  атанды. Спортшының бапкері - Белгібай Нұрхат.

Пікірлер