Бокстан Қазақстан құрамасына жаңа капитан сайланды

342
Adyrna.kz Telegram

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны ауысты. Бұл туралы Olympic.kz мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, 2022 жылғы Азия чемпионы әрі жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы (2018) Айбек Оралбай Қазақстан құрамасының капитаны атанды.

“Бұған дейін бұл қызметті 2023 жылғы әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов атқарған болатын”, – делінген ақпаратта.

Айбек Оралбай Париж Олимпиадасында өнер көрсетті. Ол 92 келі салмақта сынға түсіп, ширек финалда әзербайжандық Лорено Альфонсо Домингеске жол берген болатын.

Кейін белгілі болғандай, Олимпиададан соң Айбек +92 келі салмаққа ауысты. Алдағы Азия чемпионатына боксшы аса ауыр салмақта қатысуы мүмкін.

Пікірлер