Жылдың үздік садақшысы анықталды

209
Adyrna.kz Telegram

Бүгін ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Алтын тұғыр» ұлттық сыйлығын табыстау шарасы өтті.

Дәстүрлі садақ атудан ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі Айкөркем Батихан жылдың үздік садақшысы атанып, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Алтын тұғыр» ұлттық сыйлығына ие болды.

Айкөркем ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР кубогінің иегері,
5-ші Дүнижүзілік Көшпенділер ойындарының 2 және 3-орын иегері.
“Дала Мергені” әлем чемпионатында жамбы нысанасынан 3-орын иегері. Сондай-ақ, осы жылы Түркия елінде 33 мемлекеттің қатысуымен өткен “Fetih kupası” халықаралық турнирінде еліміздің жалауын желбіретіп 1-орынға ие болып, қазақ еліне тарихи жеңіс сыйлады. Одан бөлек ел ішінде де бірталай жарыстардан екі жыл ішінде елеулі жетістіктерге жетті.

““Алтын тұғыр 2024” марапатым мен үшін ең үлкен жетістігім, бір белесім. Өькен жылы көрермен болып келсем, биыл маған бұйырыпты. Енді артылған жүкті ары қарай жалғап, үлкен нәтиже көрсетемін деп ойлаймын. Биылғы жылы басты тарихи жеңісім Түркия еліндегі және “Көшпенділер ойынындағы” жеңісім. Осы жетістіктерім “Алтын тұғыр-2024” марапатын алуға себеп болды. Бұл менің бапқа қарағанда бағым десем болады. Басты мақсатым - ұлттық құндылықты сақтау, дәріптеу, кейінгі ұрпаққа дәстүрлі садақ ату спортын үлгі қылу.”, - дейді садақшы қыз.

Айкөркем жетістіктерін тек өз еңбегімен емес, жаттықтырушысының берген құнды кеңестері мен қолдауының арқасында қол жеткізгенін айтады. Ал бапкері Дәстүрлі садақ ату спортының негізін қалаушы, ҚР Ұлттық құраманың бас бапкері Диас Ахметов шәкіртінің табандылығы мен еңбекқорлығын жоғары бағалайды, әрі оның жетістігіне әрдайым сеніп, қолдап келеді.

“Айкөркем спорттан хабары бар спортшы. 18 жасқа дейін ата-анасының берген тәрбиесі, 7 жасқа дейінгі қатаң талаптары, осының бәрі оны туғаннан бастап дәстүрлі садақ атуда чемпион болуға дайындаған. Бүгінгі “Алтын тұғыр 2024” марапаты тек бір-екі жыл ішінде менің жетекшілігіммен алған атағы емес, өмір бойы дайындалған еңбегінің жеңісі. Мен тек бағыт-бағдар беріп, жеңіске жетуіне үлес қостым.”, - дейді бапкері.

Дәстүрлі садақ ату спорты тек физикалық күш-жігерді ғана емес, рухани үйлесімділікті, төзімділікті де талап етеді.
Сондай ақ, жастарға дәстүрлі спортты үйрету және оларды ынталандыру арқылы ұлттық мәдениетті дәріптеп, тарихымызды жаңғырту мүмкіндігі.

Пікірлер