Қазақстанға әкелінбек болған 250 тоннадан астам ресейлік бидай өнімі кері қайтарылды

533
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Қазақстанға 250 тоннадан астам ресейлік бидай импортталмақ болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп. 

«6 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының теміржол фитосанитариялық бекеттерінде аумақтық инспекция инспекторлары Ресей Федерациясының Саратов облысынан төрт вагон бидайды (251 тонна) тауып, кері қайтарды. Вагондар Талдықорғанға бет алған», - делінген хабарламада.

Қазақстанға астық әкелуге тыйым салынғаннан бері тыйым салынған өнімдерді заңсыз әкелу әрекеттері көп болғаны хабарланды.

«Бұл факт астықты заңсыз алып өту әрекеттерінің жалғасып жатқанын көрсетеді», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі үшінші елдер мен ЕАЭО мемлекеттерінен бидай импортына уақытша тыйым салған болатын.

Пікірлер