Алматы саяхаттауға арналған үздіктердің қатарына енді

1513
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы CNN Travel-дің 2025 жылы баруға ұсынылған әлемнің ең үздік 25 бағытының тізіміне енді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталыҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Алматы «Орталық Азияның жаңа стильді астанасы» ретінде танылып, өзінің ерекше атмосферасымен ерекшеленді.

CNN Travel мәліметінше, Алматы саяхатшыларға бәрін ұсынады. Қала Тянь-Шань тауларының етегінде орналасқан. Агенттіктің ақпаратына сәйкес:

Алматы метросының станциялары — нағыз өнер туындысы;

Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы — 20 000-нан астам өнер туындысы бар;

«Целинный» заманауи мәдениет орталығы, ол 2025 жылы жаңа ғимаратқа көшеді.

Алматы — көшпенді халықтардың дәстүрлі ингредиенттерін заманауи аспаздық әдістермен біріктіретін Neo Nomad асханасының отаны.

CNN Travel саяхатты Медеу аңғарында орналасқан «AUYL» мейрамханасынан бастауға кеңес берген.

Қала Еуропа, Азия және Таяу Шығыспен тікелей әуе қатынасымен байланысты. Сондай-ақ, Қазақстан АҚШ, Канада, Австралия, Ұлыбритания және басқа да елдердің азаматтарына визасыз режим ұсынады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер