Шымкентте «Shymkent IT hub» ашылды

380
Adyrna.kz Telegram
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев «Shymkent Hub» өңірлік технопаркінің ашылуына қатысты. Жаңа орталықтың негізгі мақсаты-технологиялық кәсіпкерлікті өркендету, стартап-мәдениетті қалыптастыру, IT-саланы және цифрлық білім беруді дамыту.
Ашылу аясында IT-стартаптардың, IT-компаниялардың, робототехника мектебінің және Tech Orda бағдарламасына қатысушы жеке IT-мектептердің, сондай – ақ Шымкент қаласының инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.
«Shymkent Hub «Astana Hub» білім беру және инкубациялық бағдарламаларын іске асыруға арналған платформа болады. Оның аумағында белсенді IT-қоғамдастықтың қалыптасуына ықпал ететін түрлі іс-шаралар өтеді.
Стартап-жобаларды әзірлеу барысында қатысушылар кәсіпкерлік негіздерін, инвестицияларды тартуда қолдауды, қаржылық есеп жүргізуді және басқа да қажетті дағдыларды үйренеді.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында өңірлік деңгейде инновациялық экожүйені кеңейтудің маңыздылығын атап өткен болатын.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер