Паралимпиададан қазақстандық каноэшілер жартылай финалға шықты

857
Adyrna.kz Telegram
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық каноэшілер жартылай финалға шықты. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Жаныл Балтабаева 200 м қашықтыққа VL3 класында сынға түсіп, жоғары нәтиже көрсетті (1:04.72).  Осылайша, спортшы 7 қыркүйекте өтетін (Астана уақыты бойынша сағат 13:49-да) жартылай финалда бақ сынайды.

Сондай-ақ Спатай Бибарыс KL2 класында 200 м қашықтықты 48.50 секундта бағындырып, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Жарыс 7 қыркүйекте Астана уақыты бойынша 13:14-де өтеді.

Пікірлер