Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиада ойындарында күміс медаль еншіледі

765
Adyrna.kz Telegram
Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi
Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасының финалында SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден бақ сынап, күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

 «Нұрдәулет Жұмағалиды Париж Паралимпиадасындағы тамаша жетістігімен шын жүректен құттықтаймын! Пара жүзу спортындағы осы күнге дейін жиған тәжірибесі мен шеберлігінің нәтижесінде бүгін Париж төрінде күміс медаль олжалап, әлемдік аренада ел абыройын асқақтатты. Бұл жеңісі арқылы ол елімізде пара спорттың дамуына, оны насихаттауға үлкен үлес қосты. Оның жеңіске деген ерік-жігері баршаға үлгі әрі бәріне жігер береді деп ойлаймын. Болашақта да жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жанкүйерлерді жарқын жеңісімен қуантатынына сенімдімін»,- деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Пікірлер