Павлодарда не атыс болып жатыр?

7483
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысы, Шарбақты ауданының Жылыбұлақ ауылында жергілікті тұрғындар мен құқық қорғау қызметкерлері арасында атыс болып, жараланғандар бар деген ақпарат жетті.

Жылыбұлақ ауылының бұрынғы әкімі Меңдібай Мейірманов бұл ақпаратты растап, ауылда атыс болғанын, жараланғандар бар екенін айтты. СОБР жергілікті тұрғындардың көліктерін атқан дейді. Ауылдың тұрғындарына хабарласқанымызда бұл қақтығыстың жаз бойы жалғасып келе жатқанын айтты.

Жақында ғана осы ауылдың жігіттері мен көлдің инвесторлары арасында төбелес болған болатын. Маралды көлінің инвесторы Дәулет Асылов өзінің соққыға жығылғанын республикалық БАҚ-на мәлімдеген.

Маралдыдағы жағдайды "Адырна" ұлттық порталы өз бақылауында ұстайтын болады. Оқыс оқиға туралы уақытылы хабарлап отыратын боламыз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер