"Мектепте не оқытады?" География кітабында Қазақстан шекарасы Ресей-Еуразия өңірі деп көрсетілген

2490
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Әлеуметтік желіде ер адам география кітабында Қазақстан аумағының дұрыс көрсетілмегенін айтып, шағымданған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Азаттық рухына сілтеп.

Андрей Филатов 7-сыныпқа баратын баласына география пәні бойынша кітап сатып алған. Оқулық беттеріндегі картада Қазақстан Орталық Азияда емес, Ресей-Еуразия аймағында деп көрсеткен.

«Ұлым 7-сыныптың кітаптарын алып келді. Мен логист ретінде бірден география пәніне қызықтым. Алайда 2017 жылы шығарылған кітаптың 148-бетінде Қазақстанды Орталық Азия емес, Ресей-Еуразия аймағы деп көрсеткен. Біздің балаларды шатастырып отыр», - дейді видеоның авторы.

Ал кітап "Атамұра" баспасынан шыққан екен.

Пікірлер