Ресей Ішкі істер министрлігі Украина президенті Владимир Зеленский мен бірнеше шенеуніктерге іздеу жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы RTVI-ға сілтеп.
Ресми деректерде іздеуде жүргендер Украина басшысы Зеленский, оның алдындағы Петр Порошенко, Украина Қарулы Күштері құрлықтағы әскерлерінің қолбасшысы Александр Павлюк пен елдің бұрынғы қорғаныс министрінің міндетін атқарушы - Ұлттық қорғаныс университетінің ректоры Михаил Коваль.
ІІМ іздеуде жүрген деректер базасындағы мәліметте Зеленский мен Порошенко қылмыстық істер бойынша іздеуде. Іздеудегі тұлғалардың қайда екенін ДХР бойынша Ішкі істер министрлігінің Донецк қалалық басқармасына хабарлау ұсынылады.
"Іздеуге" қатысты Украина билігі де жауап берді. Елдің сыртқы істер министрлігі Зеленскийді іздеуге жариялау «Ресей мемлекеттік машинасының шарасыздығын және халықтың назарын аудару үшін тағы қандай жаңалық ойлап табу керектігін білмейтін үгіт-насихатының» екенін көрсетеді.
Украина президенті кеңсесінің баспасөз хатшысы бұл жаңалыққа түсініктеме беріп, Ресей ішкі істер министрлігіне «алдымен ар-ождан мен дұрыс мәнді» іздеуге кеңес берді.