Дөнержайда жарылыс болып, өрт шықты

247
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Астанада тез тамақтану орнында жарылыс болып, өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тараған.

"Елорданың Алматы ауданындағы Құдайбердіұлы даңғылында орналасқан дөнер цехында газ-ауа қоспасы жарылыс тудырып, содан кейін өрт шықты", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Дөнер сататын дүкенде болған жарылыс салдарынан өрт жақын маңдағы көкөніс сататын дүңгіршекке өтіп, көлікті зақымдаған.

Пікірлер