Папа Ватиканды Ресей - Украина келіссөзіне алаң ретінде ұсынды

922
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_1500-960x500.jpeg?token=b8d9decb44cef45d0664c5c610e8b0a4
Жаңадан сайланған Рим папасы Лео XIV Ватиканды Ресей мен Украинаның тікелей келіссөздер өткізуіне бейбіт алаң ретінде ұсынғысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Паролиннің айтуынша, бұған дейін басталған бейбіт процестердің тоқтап қалуы көңіл көншітпейді.
«Өкінішті, біз үміт артқан процестің орнына бастапқы нүктеге қайта оралдық. Жағдай – аса күрделі», – деді ол.
Бұған дейін Рим папасы Франциск тұсында Ватикан тұтқындар алмасуын қолдап, Ресейге әкетілген украин балаларын қайтаруды талап еткен болатын. Дәстүрлі бейтарап саясатты ұстанатын Ватикан жаңа понтификтің басшылығымен соғысты тоқтату мақсатында диалогты дамыту үшін «бар күш-жігерін» салуға дайын екенін мәлімдеді.
Комментарии