Павел Дуров сотқа жеткізілді

1209
Adyrna.kz Telegram
Фото: Albert Gea / Reuters
Фото: Albert Gea / Reuters

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров сотқа жіберілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы AFP-ке сілтеп.

Бүгін, 28 тамыз оның сот санкциясынсыз қамауда ұстау мерзімінің соңғы күні болатын.

26 тамызда Дуровты қамау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды, ол 96 сағатқа созылуы мүмкін, содан кейін оған айып тағылады немесе босатылады.

Еске сала кетсек, Дуров 24 тамыз күні кешке Әзірбайжаннан ұшып Париждегі Ле Бурже әуежайында ұсталды. Екі күн бойы француз билігі кәсіпкердің ісіне ресми түрде түсініктеме бермеді. Француз тергеушілері оны мессенджердегі заңсыз әрекеттерге қатысы бар деп санайды, бұл Telegram модерация саясатымен байланысты. Дуровтың ісінде барлығы 12 айып тағылып отыр. Оның ішінде билікпен ынтымақтастықтан бас тарту, кәмелетке толмағандардың порнографиялық суреттерін сақтауға және таратуға қатысу, есірткінің заңсыз айналымына қатысу және т.б. бар.

Пікірлер