БҚО әкімі жұмыссыздарға қолдау білдірді

1257
Adyrna.kz Telegram

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жұмыссыз тұрғындарға бос жұмыс орындарын ұсыну, жастарға болашақта мамандық таңдауға жәрдемдесу, кәсібін ашуға бағыт бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған «Talpyn» мүмкіндіктер алаңы шарасына қатысты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, отандастарымыз әлеуметтік қолдаудың игілігін көру тиіс. Соған сәйкес, елімізде халықты әлеуметтік қолдау мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекет тарапынан түрлі несиелер мен гранттар бөлінуде. Грант алғандар бүгінде мал, құс шаруашылығын дамыту, бау-бақша салу, кондитерлік, нан өнімдерін өндіру, тігіншілік, автокөлік жөндеу, қосымша білім беру, әртүрлі қызметтер көрсету және т.б. бағыттар бойынша еңбек етуде, - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар өңір басшысы еңбек саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген, жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті тұрғындарымызды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлерді марапаттады.

Шара барысында орталық алаңда белсенді жастармен кездесу, құзырлы орган, банк мамандарының кеңестерін алуға және де қайтарымсыз грант иегерлерінің шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, it саласындағы, қолөнершілердің көрмелері ұсынылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер