"Маскаға көшеміз". Қашықтан оқу қайта бастала ма?

6234
Adyrna.kz Telegram
Фото: megaflopp/Shutterstock/Fotodom
Фото: megaflopp/Shutterstock/Fotodom
Әлеуметтік желіде 15 қыркүйектен бастап оқушылардың қашықтан оқытуға жіберілетіні туралы ақпарат тарап, жұртты дүрліктірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Stopfake.kz сайты 15 қыркүйектен бастап елімізде маска тағу режимі енгізіліп, оқушылар қашықтықтан оқуға жіберілетіні туралы айтылған ақпаратты тексерді.

ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтан оқытуға жібереді және мекемелерде маскамен жүру режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жыл сайын эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітіледі. Қаулыға сәйкес, биылғы  жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска тағу режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін ғана енгізіледі», - делінген хабарламада.

Пікірлер