Әлеуметтік желілерде 8 наурыз мерекесіне арналған жүрекжарды құттықтау видеосы кең тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бейнежазбада қарт кісі жұбайына гүл мен ақша ұсынып, оның денсаулығына алаңдайтынын шын көңілмен жеткізеді. Көз жасына ерік берген қария жан-жарын құшақтады.
«Сен өткенде ауырғанда, мен жыладым», – деп сырын ақтарады.
Бұл әсерлі сәт желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп, қызу талқылауға себеп болды. Көпшілік мұндай шынайы сезімге тәнті болып, өз эмоцияларын жасыра алмады.
«Мен де жылап қалдым», «Махаббатқа қалай сенбеуге болады?», «Ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық тілейміз!» деген пікірлер желіні жаулап алды.