"Әйелін ұрып-соғады". Журналист жалған ақпаратқа қатысты полицияға шағым түсірді

1501
Adyrna.kz Telegram
Фото: ratel.kz
Фото: ratel.kz

Журналист Вадим Борейко әлеуметтік желіде тараған жалған ақпаратқа байланысты полицияға шағымданды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Азаттық радиосына" сілтеп.

Танымал журналист, "Гиперборей" YouTube-арнасының авторы Вадим Борейко өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды жауапқа тартуды талап етіп, Бостандық аудандық полиция басқармасына шағым түсірді.

Әлеуметтік желіде "Борейко әйелін ұрып-соғып, қоғамдық тәртіпті бұзды" деген фейк ақпарат тараған. Алайда Алматы қалалық полициясы бұл ақпаратты жоққа шығарып, оның шындыққа сәйкес келмейтінін растады.

"Журналист Вадим Борейконың ұсталғаны туралы ақпарат жалған. Азаматтарды ресми дереккөздерге сүйенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз", – деп хабарлады полиция департаменті.

Борейко бұл фейк мәлімет Facebook-та Alzhan Ismagulov пен Роман Уланов есімді қолданушылардың парақшасында жарияланғанын айтты. Ол Telegram-арнасында Уланов жариялаған "құжаттың" фейк екенін және онда жыл мен басқа да мәліметтердің дұрыс жазылмағанын атап өтті.

Борейко полицияға шағымын тапсырған кезде фейк жазбалардың скриншоттары мен видеожазбаларын қосымша дәлел ретінде ұсынған. Ол жазба авторларын "жалған ақпарат тарату" бабы бойынша жауапқа тартуды талап етті.

Осыдан кейін Уланов пен Ismagulov өз жазбаларына түсініктеме берді. Уланов Борейконы комментарий үшін белгілегенін айтса, Ismagulov "ақпаратты тәуелсіз екі дереккөзден алғанын" жазды.

Айта кетейік, Вадим Борейкоға алғаш рет қысым жасалуы емес. 2023 жылы белгісіз біреулер оның пәтер есігін көбікпен жауып, бейнеоператор Роман Егоровтың көліктерін өртеп кеткен.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Пікірлер