Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

764
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Асқар Биахметов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 23 тамызда Үкіметтің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Асқар Сақтағанұлы 1975 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, ҚАЗМЗА – «Құқықтану» мамандығы бойынша, ҚР Президенті жанындағы МБА ҰМСМ магистратурасын «Саясаттану» мамандығы бойынша және Дьюк университетін бітірген.

1993–2004 жылдары облыстық қаржы басқармасында, «Профилакторий» ӨК, Салық комитетінде, қалалық әкімдікте, сондай-ақ Ақтөбе облысының қазынашылық және қаржы басқармаларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бастығы, ҚР Конституциялық Кеңесінің бөлім меңгерушісі, Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2015-2018 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары;

2019-2020 жылдары — ҚР Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі;

2020-2023 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары;

2023 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары болды.

Пікірлер