Абай облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ұранхаев Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна”.
Нұрлан Ұранхаев – үш жоғары білімі бар маман: инженер-механик, экономист-менеджер және инженер-құрылысшы.
Еңбек жолын 1987 жылы слесарь-монтажшы болып бастаған. Кейін жекеменшік кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдарды басқарды. Мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдар атқарған: ШҚО әкімінің орынбасары, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Төтенше жағдайлар министрлігінде
және Президент әкімшілігінде жұмыс істеген. Сонымен қатар, Алматы мен Астана қалаларының сәулет және қала құрылысы басқармаларын басқарды.
Ұранхаев 2022 жылы президент Жарлығымен жаңадан құрылған Абай облысының алғашқы әкімі ретінде тағайындалған болатын. Ал 2024 жылдың ақпан айында бұл қызметтен босатылып, орнына облыс әкімі болып Берік Уәли келген еді.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз