Ферроқорытпа зауытындағы апат. Министрлік кім кінәлі екенін айтты

729
Adyrna.kz Telegram
Сурет: YDD Corporation
Сурет: YDD Corporation

Арнайы комиссия Қарағандыда орналасқан «YDD Corporation» ЖШС ферроқорытпа зауытында болған топтық жазатайым оқиғада жұмыс берушінің кінәсін анықтады. Бұл туралы бүгін, 23 тамызда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Негізгі кінә жұмыс берушіде екенін анықталды. Кәсіпорында травматикалық факторлардың әсерін болдырмау үшін шұғыл шаралар тиісті дәрежеде қабылданбағаны, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің ережелерді, нұсқаулықтарды және технологиялық тәртіпті сақтауын бақылау элементтері тиісті дәрежеде жасалмағаны белгілі болды»,—делінген хабарламада.

Комиссия мүшелері зардап шеккендермен және олардың отбасы мүшелерімен кездесіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес олардың әлеуметтік қорғауға заңды құқығы түсіндірілді. Тергеу нәтижелері және жиналған барлық материалдар жазатайым оқиғаға кінәлі деп танылған адамдарды жауапқа тарту үшін құқық қорғау органдарына беріледі.

Сондай-ақ комиссия «YDD Corporation» ЖШС басшылығына апаттың себептерін жою және алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу жөнінде шаралар кешенін қабылдауға қаулы етті.

Еске салайық, 20 шілдеде Қарағанды қаласындағы «YDD Corporation» ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болған еді. Нәтижесінде сегіз жұмысшы зардап шегіп, олардың төртеуі қаза тапты.

Пікірлер