Астана әкімі Нұрбек Оралбайға қымбат көлік сыйлады

1563
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 21 тамызда Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай мен оның жаттықтырушысына арнайы сыйлық табыстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбаймен және оның жаттықтырушысы Асқар Еркебаевпен кездестім. Нұрбек Оралбай еліміздің әрі қаламыздың атынан сынға түсті. Оның бұл жетістігінің артында мыңдаған сағаттық жаттығулар, сол сияқты отбасының, жаттықтырушысының және туыстарының қолдауы мен өзіне деген сенімі жатыр. Демеушілер есебінен Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілті, ал жаттықтырушысына 10 млн теңгенің сертификаты табыс етілді. Спортшыларымызға биік шыңдарды бағындыруын тілеймін!»– деді ол желідегі парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін NNN лақап атымен танылған блогер Нұрдәулет Бектұрсын спортшыға ZEEKR көлігін сыйлаған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер