Алаяқтар азаймай тұр

2888
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері тұрғындарға интернет-алаяқтар 302 175 686 мың теңге шығын келтірсе, соның 31 471 712  мың теңгесі жәбірленушілерге қайтарылған.

           БҚО ПД КПБ бөлім бастығы, полиция мойоры  Ақжан Ихсанғалидың мәліметінше, қазіргі таңда облыс аумағында 234 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелсе, 52-сі сотқа жолданған. Соның ішінде банк қызметкері сылтауымен азаматтарды алдаған РФ азаматына қатысты 8 эпизодты қылмыстық іс және пәтер жалға беру тәсілімен Орал қаласы тұрғынына қатысты 5 фактімен іс қозғалып, сотта қаралуда.

         Сараптау барысында  банк қызметкері болып – 151 қылмыс, инвестициялау бойынша – 4 қылмыс, онлайн несие алуда – 30 қылмыс, тауар сату-сатып алу төлемдерімен - 16 қылмыс, ақша айналдыру (ставки) бойынша – 1 қылмыс әшкереленген. Ал алаяқтардың құрбаны болғандардың   45-і зейнеткер, 25-і мұғалім, 31-і дәрігер, 30-ы мемлекеттік қызметкер болса,  жұмыссыздарға қатысты – 37, өзге маман иелеріне қатысты – 66 іс тіркеліп отыр. Өңірде мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты алаяқтық деректері жиілеп кетті. Соған байланысты 8 мыңнан астам дәрігер мен 16 мыңнан астам мұғалімге алдын ала ескерту жұмыстары толығымен жүргізілген.

       Интернет алаяқтық қылмысымен күрестің ең тиімді жолдарының бірі – алдын алу шаралары. Полиция мойоры  Ақжан Серікұлы осы орайда БАҚ , интернет желілерінде, халық көп шоғырланатын жерлерде халықпен алдын алу шаралары ұдайы түрде жүргізіліп отыратынын жеткізді. Мәселен, БАҚ-қа 17922 басылым шығарылған, соның ішінде 123 559 азаматқа тікелей жеткізілген. 50922 азамат егов сайты арқылы онлаин несиеден 6 айға бұғатталған, 19 968 азамат «Киберпол» инстаграмм аккаундына жазылған. Сондай-ақ халық көп шоғырланатын жерлерде 10 мың парақша таратылған.

         Ал БҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Артур Мұсағалиевтің айтуынша, Cyberpol тобының қызметкерлері жәбірленушілердің шығындарын ҚР Азаматтық кодексі 953-бабының негізінде дропперлерден қайтару жұмысын ұйымдастыруда. Биыл дропперлерден сот шешімімен 15 млн 389,535 мың теңге өндірілген. Артур Ғайсаұлының сөзінше, ағымдағы жылы   159 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді, бұл өткен жылғыдан 18 дерекке немесе 10,2 пайызға аз.  Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында алаяқтық фактілер кезінде пайдаланылған дропперлердің 59 банктік есепшоты (33 млн 714,166 мың теңге) және алаяқтар қоңырау шалған 392 ұялы телефон нөмірі бұғатталған.

        Басқарма бастығы орынбасарының айтуынша, азаматтардың интернет-алаяқтық деректері бойынша арыз-шағымына жедел ден қою үшін өткен жылы 19 мамырда Орал қалалық полиция басқармасы жанында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жасайтын «Cyberpol» тобы құрылып, оның құрамына 4 тергеуші, 3 жедел уәкіл және 1 криминалист енгізілген еді. Содан бері ашылған қылмыстық істер ішінде эпизодтық бірнеше істер бар.

      Сөзімізге мысал етсек, жақында Орал қаласының алаяқтықпен айналысқан  42 жастағы тұрғыны ұсталған болатын. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталмыш алаяқ өзін құрылыс саласының маманы, пәтерлердің иесі немесе делдал ретінде таныстырып, пәтерлерді сатып, ресімдеумен айналысқан. Нәтижесінде, облыс тұрғындарының ақшалай қаражатын иемденген. Атап айтқанда, Жаңақала ауданының тұрғыны алаяққа 30 млн теңгесін аударып жіберген. Ал Орал қаласының тұрғыны үйді ресімдеу үшін 27,8 млн теңгесін берген. Облыс тұрғындарына келтірілген жалпы залал көлемі 100 млн теңгеден асады. Алаяқтық деректері негізінде 7 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Осы орайда БҚО полиция департаменті қырағы болу, бейтаныс және тексерілмеген адамдарға сенбеу керектігін қатаң ескертеді.

Сол секілді өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, алаяқтық жасаған қылмыскерлердің сыбайласы – ресейлік азамат қолға түсіп, 8 эпизодтық қылмыстық іс  сотқа жіберілген еді.

       –  Мұндай қылмыстар әлі күнге азаяр емес. Мысалы, Орал қаласының тұрғыны пәтерді жалға беремін деп krisha.kz қосымшасында жалған жарнама берген (келтірілген шығын – 170 мың теңге). Ал Маңғыстау облысының тумасы жұмысқа орналастырамын деп жәбірленушілерге 1,2 млн теңге залал келтірген. Бұларға қатысты сәйкесінше 5 және 3 эпизодтық қылмыстық істер    сотқа жолданды. Интернет-алаяқтық жасаудың кең таралған, сондай-ақ жаңа тәсілдерін жария ете отырып, тұрғындардың алданбауы үшін алдын алу жұмыстарының аясын кеңейтуді мақсат етіп отырмыз, – дейді полицейлер.  

          Батыс Қазақстан облысында интернет алаяқтарының құрбандары азаймай тұр. Интернет алаяқтығын азайту мақсатында таяуда облыс аумағында арнайы жедел-профилактикалық іс-шара өтті. Полиция қызметкерлері қала көшелерінде алаяқтардың іс-әрекеті туралы жазылған үн парақ таратты. Шараның мақсаты – егде жастағы жандардың интернет баукеспелерінің құрбанына айналмасы үшін тиісті ақпарат беру. Қылмыскерлер өзге адамның шотындағы қаржысын жымқырып, басына миллиондаған несие рәсімдейді. Қала тұрғындары заң күшейтіліп жатса да, алаяқтардың жолын кесуде іс-қимылдың кешеуілдеп жатқанына таңғалады. Тәртіп сақшылары бөгде адамға өзіңізге тиесілі ақпаратты айтпай, банк немесе өзге мекеменің қызметкері деп қоңырау шалғандармен сөйлеспеуге, «егов» қосымшасы арқылы несиеден еркіңізбен бас тарту сынды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер