Елімізде жалған ақпарат таратқандарға, халықтың бұқаралық санасын манипуляциялауға жол бергендерге 20 АЕК сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген. Ақпарат тұтынушылардың көбі мәліметтің анық-қанығын екшей бермейді. Әсіресе, апатты және төтенше жағдайлар, саяси оқиғалар кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған хабарламалар көп таралады. Қазақстан заңнамасына сәйкес, фейк ақпарат таратқандар жазаланады. Әйтсе де, көбісі жалған ақпарат жарға жығатынынан бейхабар.
Жалған ақпарат тарату 2015 жылы жаңа Қылмыстық кодексі қабылданғаннан кейін қылмыс түрінде (274-бапқа сәйкес) қарастырыла бастады. Қылмыскерлер үшін таралған жалған ақпараттың қоғамға, азаматтарға елеулі зиян келтіріп, қоғамдық резонанс тудырғаны қажет. Соңғы кездері буллинг, яғни басқа баланың немесе балалар тобының бір балаға бағытталған тұрақты қасақана теріс әрекеттері белең алды. Кәмелетке толмағандарарасында жәбірленудің алдын алу бойынша БҚО ПД ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Диляра Сатарованың мәліметінше, булллинг түрлеріне физикалық немесе ауызша шабуыл, баланы топтан шығару, балаға тікелей немесе жанама түрде зиян келтіру жатады. Қорқыту эмоционалды, физикалық, экономикалық зорлық-зомбылықта немесе кибербуллингте (әлеуметтік желілер мен ғаламторды пайдалану арқылы) көрінетін әр түрлі сипат пен көріністерге ие болуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте «Кәмелетке толмағандарды қорқыту (буллинг, кибербуллинг)» деген 127-2-бап енгізілді. Ағымдағы жылдың 16 маусымында заң күшіне енді.
Заң аясында кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) – ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, он екі жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған әрекет – ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.
Ал БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Сұлтанмахмуд Ерталапұлының айтуынша, кәмелетке толмағандар және жастар арасындағы қылмыстар ең өзекті мәселе.
– Бұл ретте балаларды қорғау және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу баршамыздың міндетіміз. Осыған орай құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша БҚО ПД бөліністері қызметкерлері тарапынан кәмелетке толмағандармен жұмыс жасауға аса назар аударылуда. Жастар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында ҰҚҚКБ қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мүдделі қызметтерімен (ЕҚКБ, ҚПБ, ЖПБ) бірлесіп 2024 жылдың басынан бастап әзірленген жоспарға сәйкес білім беру ұйымдарында 45 дәріс өткізілді. Кездесулер барысында оқушыларға іс-қимыл алгоритмдері, оларға қатысты қорқыту, бопсалау және басқа да құқыққа қайшы көріністер, «маргиналды жастар» ұғымы және оның қоғамға көріну формалары, жасөспірімдер ортасына әсері түсіндірілді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар да, оларға қатысты да жиі жасалатын қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершіліктің түрлері жеткізілді. Өткен кезеңде ҰҚҚКБ қызметкерлері ЖІІ нәтижелері бойынша облыс орталығының тұрғындарына қатысты бопсалау және тонаумен айналысқан маргиналды жастар арасынан 5 қылмыстық топ анықталды және залалсыздандырылды. Аталғандардың басым көпшілігі кәмелетке толмағандар мен студенттер. Сонымен қатар, ҰҚҚКБ қызметкерлері, жастар ортасындағы криминогендік жағдайға тұрақты негізде талдау жүргізуде, кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы барлық мәліметтер тексеріліп талданады, – дейді полиция майоры.
Жасөспірімдер қылмысына қарсы күрес Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің негізгі міндеттерінің бірі. Кәмелетке толмағандарды маргиналды бағытталған жастармен, жеке және мүдделі қызметтермен бірлесе отырып тұрақты негізде, оқу процесі кезеніңде жалпы білім беретін мектептердің оқушыларымен, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының студенттерімен кездесулер өтеді, онда қылмыстар мен заңсыз әрекеттерді анықтау бойынша сауалнамалар профилактикалық жұмыстар ұдайы түрде, толық форматта жүргізіледі. Жазғы демалыс кезеңі бұл спорт секцияларында өткізіледі, ол жерде түсіндіру жұмыстары «буллинг» және жастар арасындағы қылмыстар туралы ақпараттар жеткізіледі.
Талдау барысында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер мен студенттер арасындағы қылмыстардың басым бөлігі ҚР ҚК 131 бабы (Қорлау), 191 бабы (Тонау) және 194 бабында (Қорқытып алу) көзделген құқық бұзушылықтар көптеп орын алуда. Сол себепті қазіргі таңда жасөспірімдер мен жастар арасында қылмыстар БҚО ПД басшылығының жеке қадағалауында.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА