Қазақша сұрақ қоюды «хайп» деген Нұралы Әліптің пікірі көптің ашуына тиді

1692
Adyrna.kz Telegram
Фото: bassport.kz
Фото: bassport.kz

Қазақстан құрамасы мен «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп бас бапкер Станислав Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойған журналисті «хайп жасады» деп айыптады. Спортшының бұл пікірі көптің ашуын тудырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Нұралы Әліп қазақ тілінде қойылған сұраққа жауап беруге ашуланған Черчесовті қолдап сөйлеген.

«Черчесов ол жерде осетин тілінде де жауап бере алам деген. Мен оны түсіндім. Өйткені Қазақстандағы журналистердің бәрі орыс тілін біледі. Ал ол (журналист) қазақ тілінде сұрақ қояды. Ол хайп ұстағысы келді», - деді Нұралы Әліп.

Әлеуметтік желіде футболшының бұл сөзін белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов сынады.

«Нұреке, сізге не болды? Басыңызға қатты доп тиген бе? Қазақстандағы баспасөз мәслихатында қазақ тілінде сұрақ қою расымен хайп па? Енді не істейміз? Өзің де «Зенитке» ауысқан алғашқы күндері орысша сұраққа қазақша ғана жауап беріп едің ғой. Сол кезде саған «хайп жасады» демедік. Керісінше, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырды деп қуандық. Ал, енді өз елімізде өз тілімізде сұрақ қойғанымызды төмен көріп отырсың», - деп жазды спорт сарапшысы.

Пікірлер