«Рақымшылық жасамақ па?» Сатыбалдының бостандыққа шығу ықтималдығы жайлы айтылды

2377
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Қайрат Сатыбалдының активтері қайтарылып жатқаны туралы ақпарға күмәнмен қарайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға дайындап жатыр ма, әлде таза рақымшылық жасай ма? Ұрланған активтерді өз еркімен қайтарғаны жақсы. Алайда көрсетілген сол сомалардың ел қазынасына түсіп жатқаны қаншалықты рас?  Көрсетілген ресми сандарға сенеміз бе, әлде сенбейміз бе, оны тек болжау ғана қалды. Себебі қайтарылған активтер жинақталатын 100% үкіметтік компанияға қоғамдық бақылау жүргізілмейді», - деді ол.

Еске салайық, соңғы кездері экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының активтерді қайтарып жатқаны жайлы хабар жиілеген болатын. Бүгін Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті Қайрат Сатыбалдының мемлекетке 50 миллиард теңгеден астам активті қайтаратынын айтқан еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер