«ЖенПИ десе жүректе жаңа бір таң атады». ҚызПУ-дың құрылғанына 80 жыл толды

1796
Adyrna.kz Telegram
Сурет: qyzpu.edu.kz
Сурет: qyzpu.edu.kz

Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің құрылғанына 80 жыл толды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жоғары оқу орнының негізі 1944 жылы 15 тамызда қаланған еді. Сол жылдың қыркүйек айында институтта физика-математика, тіл-әдебиет және тарих факультеттері ашылып, 100 студент оқуға қабылданды. 1944 жылы институттың үш факультетінде қызмет еткен ең алғашқы 20 оқытушының бесеуі ғылым кандидаты, сегізі аға оқытушы және жетеуі оқытушы болды.

Қара шаңырақтың ашылуына Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Омаров, Жұмабай Шаяхметов, Нұртас Оңдасынов, Әлкей Марғұлан, Нығмет Сауранбаев, Қажым Жұмалиев, Ахмет Жұбанов сынды ұлтымыздың даңқты перзенттері үлкен қолдау көрсетті.

Бүгінде университетте заманауи талаптарға сай кредиттік технология жүйесі негізінде 43 мамандық бойынша 9 000-ға жуық студент білім алуда. Сондай-ақ 22 магистрлік және 4 докторантура мамандықтары бойынша кадрлар дайындалады.

Пікірлер