Күмәнді 403 мың теңге. Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері белгілі болды

869
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандықтардың 2024 жылдың II тоқсанындағы орташа жалақы мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстан бойынша 2024 жылдың II тоқсанында атаулы орташа жалақы мөлшері 403 251 теңгені құрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл көрсеткіш 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 10,3% өскен.

“2023 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі қаржы және сақтандыру қызметі – 23,3%, өнер, ойын-сауық және демалыс – 21,5% жылжымайтын мүлікпен операциялар – 21,1% салаларында байқалды. Білім беруде орташа айлық жалақы 7,2%-ға, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде 5,6%-ға өсті”, – делінген ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Пікірлер