Нұрланған Норвегия

2668
Adyrna.kz Telegram

1969-ыншы жылға дейін мұнай және газ табылғанша Норвегия балықшылар мен фермерлер мекен еткен кедей елдердің бірі еді. Қазір ұлттық қорлары триллион доллардан асып кетті. Ленин армандаған коммунизмді Норвегтер орнатып жатыр. Кім көп табыс тапса сол көп салық төлейді. Мұнай саласындағы жеке компаниялар табысының 70%-ына дейін мемлекетке салық төлейді. Орташа айлық 5200 $, орташа зейнетақы 2300$. Бастапқы айлық 3500 доллардан басталады. Қымбатшылық та бар. Сол үшін көрші елдерге ақша экономдау үшін қыдырып кетеді екен. Жұмыс уақыты орташа 6 сағат. Переработка деген түсінік жоқ. Жұмыс екінші планда. Бірінші планда адамдардың бос уақытысы көп болу керек. Жасыл экономикаға көп көңіл бөледі. 2025-інші жылдан бастап Норвегияда бензин және дизельмен жүретін жеңіл көліктерді тоқтатуға дайындық жүруде. Жоғары білім мен медицина бәріне тегін. Отбасында бала дүниеге келсе әкесі де шешесімен бірге 1 жылға декретке шыға алады. Тек шешесі шықса 2 жылға дейін айлығының 80%-ын алып отырады. Қылмыстың аздығы соншалықты екінші дүниежүзілік соғыстан бері 10-ақ полицей қайтыс болған. Жағдайлары европадан жоғары болғаны үшін Евроодаққа да кірмейді. Бұл шешім референдум арқылы қабылданған. Сондай бір керемет ел.

 

Сәбит РЫСБАЕВ

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер