Экономикалық өрлеу, әлеуметтік өсу үшін ғылымға ден қою қажет

2589
Adyrna.kz Telegram

«Дүниенің кілті – ғылым». Ұлы Абай айтқан нақыл сөз бүгінгі 21 ғасырды нақты сипаттап тұр. Білімсіз күнің жоқ, ал ғылымсыз білім тым құрақ. Сол себепті, өлшеусіз зертеу мен зерделеуді талап ететін салға мойын бұру заман талабы. Тіпті, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Үкіметтің алдына ұлттық экономиканы дамыту үшін ғылымды дұрыс пайдалану крек деген міндет қойған еді.

Отандық ғылымның деңгейі туралы сөз қаузағанда  мемлекеттік қолдау тілге тиек болады. Бұл тұрғысында билік жарап тұр. Өйткені, елімізде отандық ғылымға бөлінетін қаржы ұдайы артып келеді. Ал білікті кадрлар әзірлеуге арналған грант саны соңғы жылдары бір жарым есе көбейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен кездесуінде айтқан еді.

Сөзінің жаны бар, қазіргі таңда республикада жас ғалымдарға жол ашуға басымдық берілген, Себебі, Ғылымның тірегі – ғалым. Әуелі солардың жағдайын жасау міндет. Елде ғалымдар үшін мыңдаған грант бөлініп жатыр, тіпті жылына 500 ғалым шетелде тағылымдамадан өтеді. Оның өзі ғалымдарға айтарлықтай көмек. Онымен қоса, зерттеу университеттерінің саны көбеюде. Бүгінде елімізде шетелдік ең мықты 12 оқу орнының филиалдары жұмыс істеп тұр, таяу болашақта олардың саны тағы артады деп күтілуде. Ғылым саласындағы ақжолтай хабар толастар емес, ендігі кезекте отандық жас ғалымдар Сингапурда оқуға мүмкіндік алады.  Отандық ғылымның әлеуетін асқақтату үшін Презденттің өзі арнайы барып, екі жақты келісімге қол қойған еді. Алайда, университет ғылымын және ғылыми инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне баса назар аудару қажеттілігі туындайда.  Жалпы, университеттегі кадр тапшылығы ғылыми жұмыстардың деңгейіне теріс ықпал етіп отырғанын айтпасқа болмас. Бүгінде университет профессорлары мен оқытушылары арасында ғылыми атағы бар мамандардың үлесі 40 пайыздан сәл ғана  асады. Аталмыш олқылықтың орнын толтыру үшін Президент университеттер мен ғылыми ұйымдар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосатын стратегиялық орталық болуы керек екеін айтқан еді. Сондықтан мемлекет басшысы  Үкіметке арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын. Жалпы Қазақстанда 25 мың ғалым бар оның жартысына жуығы жастар. Әулде ғылымға аяқ басқанымен түгелі дерлік бұл саланы әрмен қарай сабақтастырады деп айтаалмаймыз. Өйткені доктарантураны аяқтағандардың жартысына жуығы ғана ғылымда ізденісін жалғасытырады, қалғандары бағыттарын басқа арнға бұрады. Дәл осы жайытты қаперіне алған мемлекет басшысы елдегі ірі өндіріс компанияларымен бірлесе отырып «индустриалды PhD» мамандарын дайындаудың механизмін жасау қажеттігін Үкіметке тапсырды.

Жалпы, ғылымның жаңа көштен қалыс қалуы мен ғалымдардың тапшылығы байқалатыны жасырын емес. Кешегі су тасқыны кезеңіндеде техногендік апаттарға қарсы тұрудың әдіс-тәсілдерін ұсынатын ғалымның жоқтығы байқалды.  Себеп біреу - төтенше жағдайға қатысты тиісті ғылыми қорытындының сапасы сын көтермейді. Техногендік апаттан бөлек, энергетикалық апатты, қуаңшылықты зерттеу ісін ілгерлету қажетігіг де мемлекеттің назарында тұрған іс. Бұлда қиып түсер қылыштай өткір мәселе.  Бұғанда президент дер кезінде ден қойды. Ол Тараздағы гидромелиоративтік-құрылыс институтын қайта қалпына келтіру жөнінде шешім қабылдады. Ғимараты қалыпқа келтіріп, талапқа сай болған соң, қазақстандық ғылымның жас қарлығаштары даярланатын алып оқу ордасы пайда болатыны анық.

Бүгінгі жаһандық кеңістік ғалымдар мен өнертапқыштарға зәру. Әлемдік бәсекеге қарсы тұратын сала да маманда осы бағытта еңбек етуі шарт. Сондықтан, шикізатқа иек артыу елді алысқа апармайды, оны биліктен бұрын қарашаның өзі түйсінуі керек. Себебі, елдің ғылымы мықты болса, сол елдің өзі де қуатты болады. Сол себепті, ғылымды жетілдіру стратегиялық басымдыққа ие.

Ғылым тек технология жағынан елді дамытып қана қоймай, елдің экономикасынада оң әсерін тигізеді. Сондықтан ғылыми жобаларда академиялық сұраныстар ғана емес, ел дамуының стратегиялық мақсаттары мен экономиканың қажеттіліктері де ескерілуі керек. Шын мәніне келгенде, отандық ғылымның алдында Қазақстан экономикасын декарбонизациялауға байланысты маңызды міндет тұр.

«Түптеп келгенде, ғылым азаматтардың тұрмысын – сапалы, болашағын – жарқын етуге тиіс»,-деген еді мемлекет басшысы.

Ғылымды дамытудағы басты мақсатта осыдан-ақ айқын көрініп тұр. Саяси сауат, экономикалық өрлеу, әлеуметтік өсу болу үшінде ғылымға ден қою қажет. Талап сондай!

 

Пікірлер