Дәрі бағасы шарықтап шу шыққан соң. “СҚ – Фармация” басшысы ауысты

1844
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа төраға тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"СҚ-Фармацияны" 2024 жылдың 29 шілдесінен бастап Еркін Исаханұлы Жақатай басқарады.

Ол 1994 жылы "Автоматика және басқару жүйесі" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық техникалық университетін, 2001 жылы "Қаржы және несие" мамандығы бойынша Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

Мемлекеттік, нақтырақ, Мемлекеттік кірістер министрлігі, Қаржы министрлігі, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, квазимемлекеттік және жеке секторда 30 жылдан астам басшылық жұмыс өтілі бар.

2021 жылдан бастап тағайындалғанға дейін жеке секторда жұмыс істеді.

Оған дейін "СҚ-Фармацияны" Ерхат Серікұлы Есқалиев басқарған еді.

Одан бөлек, елімізде дәрі-дәрмектің бағасы бірнеше еселеп қымбаттағаны айтылды. 

Сондай-ақ, 2009 жылы құрылған бұл компания мемлекет кепілдік беретін тегін медициналық көмек аясында Қазақстан халқын дәрілік заттармен қамтамасыз ететін бірыңғай дистрибьютор. 2013 жылдан бері "СК-Фармация" денсауминге қарастыболғанына қарамастан, ел арасында оны бұрынғы президент Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың құрылымдары бақылайды деген пікір таралған.

Ал аудиторлар "СК-Фармация" компаниясының медициналық ұйымдар үшін 5,5 миллион еуроға жуық қажетсіз препараттарды сатып алғанын және оның логистикалық инфрақұрылымының жоқтығын анықтады. Бұл да дәрі-дәрмектің түпкілікті бағасына әсер етеді. Жалпы, бюджеттің ықтимал шығыны 21,7 миллиард теңгені (42 миллион еуродан астам) құрайды.

Осы жылдың 17 шілдесінде қазақстандық БАҚ дерегінде «СК-Фармация» компаниясы дәрі-дәрмек өндірушілерімен тікелей келісім-шарттар жасау құқығын алғаны және жарамдылық мерзімдерін ескере отырып, тауарларды жоспарлау мен бөлу жөніндегі бірыңғай ақпараттық жүйені құрғаны көрсетілген министрліктің баспасөз қызметінің сөзі тарады.

Сонда денсаулық сақтауминистрлігінің кейбір басшыларының қызметтен кеткені туралы да хабарланды. Алайда, олардың лауазымдары мен аты-жөндері көрсетілмеген болатын.

Пікірлер