"Әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр". Әнші айтқан сөзі үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

1468
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Желіде хиджабқа қатысты пікір айтқаны үшін әнші Ұланғасыр Қамиге бас бостандығынан айырылу қаупі төнді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Информбюроға сілтеп.

Пікірі қоғамда үлкен дау тудырған әншінің сөздеріне құқықтық баға берілмек. Қоғам белсендісі Саида Сисембаева ішкі істер министрлігіне әншінің үстінен арыз түсіргенін желіде хабарлады.

Белсенді Қами қылмыстық кодекстің 174 бабын бұзды деп санайды. Яғни әлеуметтік, гендерлік, діни алауыздықты қоздырған. Әрі мұны әйелдерге жасалған зорлық-зомбылықты ақтау әрекеті деп атады.

Осыған байланысты заңгер заңның бәріне ортақ екенін алға тартты.

“Өткенде әртістеріміз – Қайрат Нұртас болсын, басқаның болсын жазаға тартылғанын  көрсетіп жатқаны өте дұрыс. Себебі адамдар “бұдан құтылып кетуге болады ғой, басқа тәсілдері бар” деген ойдан аулақ болып, қандай да бір әкімшілік, қандай да бір заңға қайшы әрекет жасағанда, оған тиісті жаза бар екенін біледі”, – деді заңгер Нұрболат Ибраев.

Ал актер Уәлибек Әбдірайымов өнерде жүрген ізбасарларының жаза арқалауы ел талқылайтын, дүрлігетін дүние емес деп санайтынын жеткізді.

“15 жылға қамалып шыққан адам сияқты. Енді бір сұмдық. Адамның күлкісі келеді. 15 күнге қамалып шығып келе жатса, алдынан әке-шешелері күтіп жатыр. Бір соғыстан зардап шегіп, осы Қазақстан үшін жанын пида қылғандай. Немесе ұшақта төбелесіп, сол ұшақтағы террористтерді ұстап содан қамалған баланы шығарғандай. Құқық қорғау органы ортақ екенін бір білдіріп қойды. Заң ортақ. Тәртіп бұзбау керек”, – деді өнер иесі Уәлибек Әбдірайымов.

Пікірлер