Жапонияның премьер-министрі Сигэру Исиба үкіметке жақында сайланған 15 депутатқа әмбебап дүкендерде сауда жасау үшін 100 мың иеннің сертификаттарын таратқан болатын. Оның бұл әрекеті дауға ұшырады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Associated Press сайтына сілтеп.
Исибаның көмекшісі премьр-министрдің жеке кешіне қатысатын жаңа депутаттарға сертификаттарды табыс еткен. Бұл ваучерлерді жапон әмбебап дүкендерінде сатып алу үшін пайдалануға болады. Оппозиция мен Исибаның кейбір партияластары оның отставкасын талап етуде. Олар мұндай сыйлықтарды қажетсіз әрі қоғамның көңіл-күйін ескермейтін әрекет ретінде бағалап отыр.
Өткен жылғы сайлауда ЛДП көптеген мандаттардан айырылды, себебі олар салық декларациясына енгізілмеген көлеңкелі қаржылық қорлармен байланысты дауға ұшырады. Өз кезегінде Исиба ешқандай заң бұзбағанын және отставкаға кетуді ойламайтынын айтты. Ол сертификаттарды тек депутаттарға олардың жұмысына алғыс ретінде бергенін және бұл сыйлықтың жемқорлыққа қатысы жоқ екенін алға тартты. Алайда, сыншылар оның ақталуына сенбейді.
ЛДП парламенттегі басымдығын жоғалтты, партияның көптеген мүшесі Исибадан құтылғысы келеді. Олардың бірі Шодзи Нишида егер Исиба көшбасшы болып қала берсе, партия шілде айында өтетін сайлауда жеңіске жете алмайтынын айтты.