Тапсырыс жеткізуші мен тұтынушы татуласқанда Magnum басшысы үнсіз қалды

984
Adyrna.kz Telegram

Magnum сауда желісінде болған дау аяқталды. Курьер мен тұтынушы халыққа арнайы видео үндеу жолдап, түсініспеушіліктің шешілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Видеода тапсырыс жеткізуші (ред. курьер) жұмысқа қайта орналасқанын айтып, тұтынушымен татуласқанын көрсетті. Екеуі де болған жағдайға қатысты халықтан мәселеге нүкте қоюды сұрап, барша қолдау білдіргендерге алғыс айтты.

"Соңғы күндері әлеуметтік желіде маған және Магнумға қатысты әңгіме болып жатыр. Сол туралы түсіндіріп кетсем деймін. Алдымен баршаңызға қолдау көрсетіп жатқаныңызға үлкен рақмет айтамын. Өмір болған соң түсініспеушілік болып тұрады. Бірақ бәріміз қазақпыз. Елімізге татулық керек. Біз кездесіп, қол алысып, татуластық. Қазір Магнумға жұмысымды жалғастырып жатырмын. Жұмыс берушіге еш шағымым жоқ. Бәріміз бір қазақпыз. Үлкен рақмет!" - деді тапсырыс жеткізуші.

Желіде жазба жариялап, резонанс тудырған Асылхан есімді азамат та пікір білдірді.

"Қадірлі ағайын! Мұндай жағдайдың болғаны өкінішті. Бір-бірімізді түсіндік. Ал екеуміз бір-бірімізге ешқандай өкпе-ренішіміз жоқ", - деді ол.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде тарап кеткен оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Енді тараптар татуласқандарын ашық білдіріп, өзара өкпе-реніштің қалмағанын жеткізді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер