Димаш Құдайбергеннің «Singer 2024» байқауы кезінде айтқан сөзі қызу талқылануда

2293
Adyrna.kz Telegram
Сурет: dimashnews.com
Сурет: dimashnews.com

Әлеуметтік желіде белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің «Singer 2024» ән байқауының финалы кезінде айтқан сөзі қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Өнер иесінің екінші кезеңде канадалық әнші Фаузияға сыбырлап сөйлеген сөзі тікелей эфирде көрермендерге естіліп қалған.

«Олар сенің алдыңда қытайлық тұруы керек»,—дейді Димаш аруға.

Байқау қорытындысы бойынша қытайлық На Ин жеңімпаз атанды. Ал канадалық әнші жеңімпаздар қатарына кіре алмады.

Қазіргі таңда «Singer 2024 көрермендері байқаудың әділетсіз өткенін айтып, ұйымдастырушыларды сынға алып жатыр. Олар бас жүлденің кімге бұйырары алдын ала шешіліп қойған деген пікірді алға тартуда.

1 күн өткен соң Димаш Құдайберген weibo парақшасында бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді. Айтуынша, Фаузия бірге өнер көрсетуге қолқа салған. Алайда ұйымдастырушылар оған қытай әншісі болуы керек деп айтқан.

Еске салайық, 26 шілдеде Димаш Құдайберген Қытайда өткен  «Singer 2024» жобасының финалында арнайы қонақ ретінде өнер көрсетті. Ол жобаның ақтық бәсекесінде Шанте Торрейн Мурмен бірге Lose Control әнін шырқады.

Пікірлер