Бишімбаев әулеті тағы бір соттан жеңілді

1656
Adyrna.kz Telegram
Фото: Qaz365.kz
Фото: Qaz365.kz

Әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы журналистің жалған ақпарат таратуына қатысты сотта жеңіліс тапты. Астана қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұл істі тоқтату туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұдан біраз бұрын У. Бишімбаев пен А. Нұрлыбекова (Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы) журналист/блогер Итқұлов Сырымды жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы полицияға арызданған.

Журналист Антикор қызметкерлері Бишімбаевтың қылмыстық ісі бойынша “мәселені оң шешу” үшін 100 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат беру кезінде Астана тұрғынын(әйел адам) тұтқындады деген ақпарат таратқан.

«Журналистің жазбасына филолог маман қорытынды жасады, соның негізінде өтініш берушілердің дәлелдері расталмады. Айта кету керек, Итқұлов мемлекеттік органдар таратқан ақпаратты жариялады», - дейді адвокат Дамир Ишмамбетов.

Пікірлер