Қостанай тұрғыны әнші Ұланғасыр Қамидің үстінен арыз түсірді

4832
Adyrna.kz Telegram

Қостанай тұрғыны Саида Сисембаева әнші Ұланғасыр Қамидің үстінен арыз түсірді. Бұл туралы ол 24 шілдеде әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әйел өнер иесінің пікірімен келіспейтінін мәлімдеді.

«Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес, e-Otinish арқылы Ішкі істер министрлігіне арыз жаздым. Әншінің айтқан ойы әлеуметтік және гендерлік араздықты қоздырып, әйелдерге деген өшпенділік сезімін тудырды. Өтініш тіркелді. Енді қандай да бір іс қозғала ма, әлде әдеттегідей ресми жауап келе ме? Оны алдағы уақытта көретін боламыз»,—деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Ұланғасыр Қами әлеуметтік желідегі тікелей эфирде әйелін хиджаб киюге «мәжбүрлейтінін» мәлімдеген еді.

Пікірлер