Назарбаев тағы бір атағынан айырылды

1827
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір регалиясынан айырылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеп. 

«Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының шешімімен жаңа Ғылым академиясы құрылғанын айтты. Қазір оның құрамында тоғыз академик бар, бұрынғыларының мәртебесі қалпына келтірілді», - делінген материалда.

Бұған дейін академиктер құрамына 155 ғалым кірді, олардың қатарында Қазақстан Республикасының бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та болды. Министр экс-президенттің енді академик емес екенін растады.

Десе де, академияның веб-сайтында тізім әлі жаңартылмаған. Ол жақта әлі де Назарбаев командада тұр.

«Қазір бізде РҚБ – Республикалық қоғамдық бірлестік бар, бұл ескі Ғылым академиясы, ол 2000-шы жылдардың басынан бастап бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келеді. Бұл адамдардың бәрі қайда дейтін шығарсыздар? Олар бізбен қатар өмір сүріп келеді. Бұл ретте өткен жылы президенттің шешімімен жаңа, бірақ мәртебесі басқа Ғылым академиясы құрылды. Біріншіден, ол жаққа президент тұсында мемлекет тарапынан қаржы қарастырылған», - деді Саясат Нұрбек.

Жаңа Ғылым академиясына сайлау өтіп, оған 15 адам кірді.

Пікірлер