Орал қаласының әкімі қызметтен кетті

816
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Орал қаласының әкімі қызметтен кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Миржан Сатқанов өз еркімен қызметінен қызметінен кеткенін желідегі парақшасында жазды.

"Денсаулығыма байланысты бұдан да ертерек зейнетке шығуым керек еді. Алайда қала қиын жағдайда қалды. Көктемгі су тасқыны қала тұрғындарын табиғи апатқа қарсы біріктірді. Қала үшін осындай қиын-қыстау кезеңде мен де жұмыстан шыға алмай, әріптестеріммен иық тірестіре отырып, өз міндетімді атқара бердім", – деп жазды Миржан Сатқанов Facebook парақшасында.

Оралдың экс-әкімі жаңа басшыға үміт артатынын айтты.

"Қазір барлық салада жұмыс жолға қойылды, мен қаланың жаңа басшысы өзекті мәселелерді тез түсініп, алдағы уақытта Орал үшін жаңа жобаларға бастамашы болатынына сеніммен әкім қызметінен кетіп жатырмын", – деді Сатқанов.

Миржан Сатқанов екі жылдан астам уақыт бойы Орал қаласының әкімі болды.

Пікірлер